Тамыз 8, 2008
Тамыз 3, 2008
Днепр мен Есіл егіздей болған екі күн

Ойда жоқта редакцияға Қазақстан жастар альянсынан Украина мен Қазақстанның жас журналистерінің форумына қатысуға шақырту келіп, дүйсенбіде газеттің жұмысынан бір аптаға болса да құтылғаныма қуанып, “Қайдасың, байтағым!” деп тартып отырғам. Астанаға таңда жетіп, асыққанның кесіренен қас қылғанда пойызда шұлғауымды ұмытып кетіппін. Астанадағы досым-Жанар екеуміз ебіл-себіл боп мәгәзіннен шұлғау іздеп, зорға таптық қой. Сөйтіп “Rixos Prezident Hotel Astana” қонақ үйінде өткен (Астанадағы қонақ үйлер де, мейрамханалар да көбіне ағылшынша аталады екен, өкініштісі) салтанатты ашылуға үлгеріп, Украинадан келген әріптестерімізбен суретке түстік. (суретте солдан оңға қарай: 1.Микола Явченко -Украинаның жанұя, жастар және спорт жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы. 2. Олег Ахметов – “Астана” телеарнасының журналисі. 3. Наталья Жуковская - ”УТР” телеарнасының журналисі. 6.Валерий Джигун – Қазақстандағы Украинаның уақытша сенімді өкілі. 7. Мен)
Маусым 26, 2008
“Болашақ” жолын енді тапқандай….
Барлығыңыз құлағдар болып та қойған шығарсыздар, биыл “Болашақ” бағдарламасымен оқуға қабылданатын үміткерлердің категорияларын көбейтіпті ғой. www.edu-cip.kz Кеше Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев мәлім етті. Бұдан былай ауыл жастарына, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылым жолындағыларға, педагогтарға шетелдің жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге арнайы квота бөлінетін болыпты. Кретерийлерімен келісемін! “Болашақ” жолын енді тапқан сияқты. Әлгі бұрын білімді жастардан гөрі байшыкештер мен “шекпенділердің” балалары өтіп кетіп жатқаны баспасөз бетінде біраз жазылды ғой. Енді ауыл жастарына, педагогтарға, ғылыми ізденушілерге деп арнайы атап көрсеткеннен кейін, бай баласы көзді бақырайтып қойып ауылдық немесе ғылыми ізденуші есебінде шетелге итінбейтін шығар деп үміттенемін! Менің ойымша, жалпы шетелге оқуға 30-ға таяп қалған, ақыл тоқтатқан, білім-ғылымға қызығушылығы зорларды жіберу керек қой. Атына заты сай болсын! Ал тоғызыншы сынып оқушыларын шетелге, бакалавр деңгейіндегі оқуға жіберуге әлі ертелеу сияқты. Қалай ойлайсыңдар?
Маусым 9, 2008
Мамыражай өмір: ағам туралы аз ғана мағлұмат
Мақтанды, “өзінде бармен көзге ұрды” деп сөкпеңіздер, ағайын! Өзімнің өмірдегі ақылшым, жолнұсқарым-ағам туралы аз-маз мәлімет бергім келіп тұр. Атам – Қайырлы мұғалімнің бесінші баласы Ерсайын нысаналы болып туған екен, алтыншы саусағы болыпты. Бірақ кішкентай кезінде кестіріп тастапты. Кейін бір үлкен кісі: “Балам, нысаналы екенсін, бекер кестіріпсің” деп айтқан екен. Бірақ ағам өмірді өкінбестей өткізіп келеді. Ол 1987 жылы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факльтетін бітірді. Атақты Темірбек Қожекеевтің тәртібін көргендердің бірі. “Өркен-Горизонт”, “Солдат” газеттерінде жұмыс істеді. 1995 жылы оралдық суретші Сәкен Ғұмаровпен танысып, сол кісінің жетегімен бейнелеу өнеріне қызығушылығы туыпты. (жалғасын оқу…)
Мамыр 27, 2008
Туған күн бе, “қуған” күн бе немесе өзін Билеуші Пайғамбар -Президент атаған Балтабай Рахымжанов кім?
Жұртты бабаларының басына апарамыз деп әруақ мазалап, бейiт басын бизнес көзiне айналдырған «Ақ жол», «Ата жолы» дегендердi естушi едiк.
Әл-Фараби даңғылынан 68-шi бағдарлы автобусқа отырып, «Баба бүгiн қуанатын болды, ұрпақтары көп жиылып жатыр!» деп жамырасқан кәрiсi бар, жасамысы бар он бес шақты кiсiге iлесiп, Ремизовкаға (қазiргi Қарасай ауданы, Ерменсай ауылы) қарай әулие Қажы Баба дегеннiң зиратына бет алғанда маған «бұл да аты әйгiлi «жолдардың» бiреуi болды-ау» деген ой келдi.
Тепкiшекпен жоғары көтерiлiп, төбенiң басына шықтық. Елу-алпыс адам жиылып қалыпты. Осы жердiң шырақшысы болса керек, Әдiлжан деген бiреу самбырлап Қажы баба мен оның «мирасқоры» Балтабай Рахымжанов туралы баянын бастап кеттi.
Мамыр 26, 2008
Сөз сәулесі.
”Алматы ақшамы” газетінің соңғы аптадағы нөміріне Бас редактор, бәлки кісілік тұрғыдан баға берсек, редакторлықтың қыр-сырын меңгерген сақи редактор Қали Сәрсенбай күнделігіне жазған ойларынан үзінді беріпті. Құмарта оқып шықтым. Біле-білгенге танымдық әдебиеттің-интеллектуалдық прозаның жұрт жүрегіне тура жол тартар бір түрі бұл. Сондықтан да Қали ағаның қазынасын сіздермен де бөлісуді ұйғардым.
-
- Өз елінің атағынан, марапатынан бас тартуды ерлік санайтындар бар. Егер еңбегім сіңіп жатса маған өз елім, мемлекетім ағаш медаль берсе де алар едім. Өйткені ол менің елімнің, тәуелсіз елімнің наградасы ғой. Егер әлгі бас тартқандарға, бәлкім, қазіргі атағына қанағаттанбайтындарға “Халық қаһарманы” атағын беремін десе, әжептәуір ойланар еді.
-
- Әйелдің еркекпен алысуын түсінуге болады, ал, еркектің әйелмен алысуы қасірет қой.
- Тіліңді білмесең, өмірбақи тіліңді тістеп өтесің. (жалғасын оқу…)
Мамыр 25, 2008
Жанармай стансасындағы төрт күн
Менің “Ана тілі” газетінде бірге жұмыс істейтін досым – Мәди Бекмағанбетов Қарағанды облысының, www.karaganda-region.kz Балхаш қаласынан. www.balkhash.de Ол бірінші курсты Қарағанды қаласындағы Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика факултетінде оқыған. www.kaz.ksu.kz 2007 жылдың қысында біздің топқа қосылды. Алғашында бір-бірімізді танымағаннан кейін алыстан араласып жүрдік. Бірақ көп ұзамай ол бәрімізбен достасып кетті. Қазір ол республикалық ұлттық апталық “Ана тілі” газетінде істейді. Мәди журналистік қызметіне кіріскелі оған “Түнгі қала ұйықтамайды” деген айдарды жүргізуді тапсырылған. “Жас келсе – іске” дейді қазақ мынау соның бір көрінісі.
Жанармай құюшының жұмысын табу маған соншалықты қиын болмады. Жарты миллионнан астам көлiгi бар қаламызда жанармай стансалары жетерлiк. Сондықтан жолшыбай кезiккен бiрiншi стансаға бас сұғып, жұмыс сұраудың амалына көштiм. Кассадағы талдырмаш келiншек:
— Өзiңiзге ме?– деп таңырқай қарады.
— Иә, – дедiм сәл сасыңқырап қалып, сiрә, мен сияқты мұнтаздай болып киiнiп келiп, жанармай құюшының жұмысын сұрайтындар сирек болса керек. (жалғасын оқу…)
Мамыр 18, 2008
Сары далаға сағыныш немесе суретші Алпысбай Қазығұловтың шығармашылығынан бір үзік сыр
“Көш” деп аталатын мынау суретке қарай отырып, баяғы аттың жалында, түйенің қомында жүріп, ешкімге ұқсамайтын ерекше мәдениеттің иесі болған бабаларымызды еске түсіреміз. Біздің түп-тамырымыздан айыру үшін Патшалық Ресей мен Кеңес Үкіметі алдымен осы көшпелі тұрмыс салтынан айырды емес пе? Сарыарқаның төсіндегі салқар көш, әзірге, тек ностальгия ғана. Бұл суретті салған қазақтың талантты суретшісі Алпысбай Қазығұлов-1958 жылы Қызылорда облысында, Арал қаласында балықшылардың жанұясында дүниеге келген. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетін бітірген. Жастайынан Қазақстан Суртшілер одағының мүшесі болды. Ол Қазақстандағы абстракция және сюрреализм бағытында салатын атақты суртшілердің бірі. Шығармаларын Шыңғыс Айтматов, Патрисия Каас, Диана ханшайым сатып алған. 2003 жылы Бейнелеу өнеріне қосқан зор үлесі үшін Чехияның бірінші президенті Ян Масарик атындағы сыйлыққа ие болды. Ал жақында Алпысбай Қазығұлов өзінің жеке сайтын www.kazgulov.kz ашты




