«Ана тілі» газетінде тілшіміз Рауан Сәбитұлының редакциямыз орналасқан «Баспалар үйі» ғимаратының Гагарин даңғылы беткейіндегі темір дүңгіршекте шиіттей жеті баласымен сегіз жыл бойы қыстаған жалғыз ана Тұрсынхан Дүйшеналиеваның тауқыметті тағдыры туралы бірнеше мәрте мақаласы жарияланған. («Бәрібір тастамаймын Алматымды» /№7 ақпанның 15-і, 2007, «Алмалының» әкімі сөзінде тұрса екен/ №22 мамырдың 31-і,2007) «Бір мұсылманның баласымыз, қалың елдің арасында отырып, Құдайға ақсарбасын айтатын көңіл жетер ағайын табылмайды дегенген сенгіміз келмейді» деп жұртшылықты жалғызбасты анаға жәрдемдесуге шақырдық. Басылымның қолынан келетіні осы. (жалғасын оқу…)