AIDIN TASA BETI

Тамыз 8, 2008

Ақ көгершіндерді аялау

төмендегі жазбалар Біздің мамандық — nurbolatuli @ 9:19 тд

Мен оларды адамдардың арасында хат-хабар тасып тұрған ақ көгершіндермен салыстырамын. Адам аяғы жетпеген жерге олар ұшып барады,  небір қиындықтар мен қауіптерге қарамастан қанаты талмай ұша береді, ұша береді… Сөйтіп жүріп, қаныішерлер мен қатыгездердің мылтығының нысанасына ілігеді….

Мәскеу мэрі Юрий Лужков жақында Марьин паркіндегі  атақты журналист Артем Боравиктің қасынан қастандықтың құрбаны болған журналистер Анна Политковскаяға, Дмитрий Холодовқа  ескерткіш  қойылатынын айтты. Бұдан жараның орны бітпейді, бірақ Анна мен Димадан кейінгі мыңдаған журналистердің кеудесін намыс кернеп, алға ұмтылдыратыны сөзсіз. Ондай ”ақ көгершіндер” бізде бар. Бірақ олардың өршіл рухына тағзым етуге біздің биліктің шалқақтығы жібермейді.

WordPress.com -дағы блог.