//
you're reading...
Өмірімнен "өсек"

Мен неге сайлауға бармадым?!

з-сәуір күні жұрт Президентін сайламаққа аттанып бара жатқанда, мен үйде алаңсыз ұйықтап жаттым! Неге дейсіз ғой?Бәрі Мұхтар Шаханов ағам айтпақшы ӘБСЕ Саммитінен басталды. ӘБСЕ менің не теңім десейші… Алматыдан келген журналист жігіттермен бірге Хан Шатырындағы салтанатты бечеринкада жегжатым келгендей жік-жапар боп жүргенде….. Үшті-күйлі жоқ болды да кетті. Сөмкемді қотарып та іздедіп, көзілдірігімді көтеріп те іздедім, үш стақан артық ішкен сок тұрған столды итеріп те іздедім. Таба алмадым….Діңкем құрып, ақыры 12-желтоқсанда Алматы аудандық Паспорт үстеліне жаңғырту жөнінде арызымды жазғанмын. Одан бері Жаңа жылда Ресейдің шекарашыларынан орагытып өтіп, Оралга барып келдім. Одан бері Президент те Қытайға, Ресейге сапарлап келді (десен иа)….Обшым, талай өзен тасып, Фукусимо-1 cияқты бықсып талай құса күндер өтті ғой… Төрт ай болды. Ал менің Алматы қаласы, Бостандық аудынынан алған құжатымды растаған қағаз әлі келмепті. “Гәп нәде?”  десем, шыбыш ешкідей шіңкілдеген даусы бар бір брәтишка “Енді біз специально адамдар жоғалтпас үшін әдейі осылай запросты созамыз” дейді. Ал Паспортный столдың бастығының сөзіне салсақ, “Қайдан білейін, поштада келе жатып жоғалып та қалуы мүмкін” дейді.  Ашуға мініп, құжаттарымды алып кеттім,  қалай жұмыстан босаған бойда өзім Алматыға барып, аяқтай алып келмесем, бұл Қағазыстаннан қайыр шамалы? Төлқұжатты бұрынғыдай бір ай созбай, екі аптада беретін болдық деп Әділет министрлігінің кеудесі көріктей қызғаны кеше еді…. Компьютер мен технология заманында дайын мәліметтер дайын базасы тұрғанда, поштабайдың тепен есегіне жүк артқан біздің кейбір мемқызметкерлер де есектен былай емес қой….. Ал айтыңыздаршы, осыдан кейін менің сайлауға баруға зауқым бола ма?!

Өзіңіз хақында nurbolatuli

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда жерінде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Қазір "Астана" журналының бас редакторының орынбасары

Пікір алмасу

6 жауап to “Мен неге сайлауға бармадым?!”

  1. Иә, қағаз қоғам, қағазстан деген теңеулер аса қарқынды дамып, құлашын кеңге сермеп келе жатқан еліміз үшін жақсы теңеулер емес)))))

    Жариялаған: Өркен | Сәуір 7, 2011, 8:33 pm
  2. Ал менің тізімім ауылда. Жұмыстан сайлау үшін босатпады :)

    Жариялаған: 12aikon1986 | Сәуір 8, 2011, 3:20 am
  3. ухахахахахахаха, шыбыш ешкіштей шіңкілдеген дауысты братишке, жынды тенеу, ішегім ай. ондай шыбыш ешкіштер мемкызметкерлер арасында море.

    Жариялаған: Гулжайнат Бекен | Сәуір 8, 2011, 5:32 am
  4. Электронды үкімет! :)

    Жариялаған: qazaqia | Сәуір 8, 2011, 5:52 am
    • Электронды Үкімет дегеннен гөрі “Заводные часы” деген дұрыс шығар бұларды. Құлағын бұрасаң тықылдап тұрады, сәл ұмытып кетсең тырп етуден қалады. (гроб с музыкой)

      Жариялаған: Әділбек | Сәуір 11, 2011, 5:43 am
  5. Ертісбаев сияқты Паспортыңды көрсете салмадың ба?

    Жариялаған: ТҰСПАЛСӨЗ | Сәуір 8, 2011, 4:32 pm

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.