Ассалаумағалейкүм, блогшы қауым! Құлақ түбінен бір үйір жылқыны айдап өткенде, балшыққа батып, тұяқ серпи алмай жатқан тұлпарды дүбір дүр көтергені барлығыңызға мәлім мысал өлең ғой. Айтайын дегенім ол емес… Алматыда өткен Блогқұрылтай-2011-дің дүмпуі Блогты мұнша жалпыласпаған күнінде бастап, кейін кержалқаулық дес бермей тастап кеткен мені де қайта еліктіріп қойды.
Ақ жұмыртқа, сары уыз боп ақталғым келмейді, әрине. Асхат ағамыздың, өзіміздің Өрімталдың Қазақстанның әр өңірін шарлап, елдің блогқұмар телісі мен тентегін шарбыдай жалғап жүрген жанкештілігінің арғы мүддесі не екенін түсіне бермейді екенбіз, ә?! Қазконтент дегенің блогшылардың арқасында әжептәуір сөз сойылдар, соны тақырыпқа соқа салар бір майдан, бір ауыл боп алғанын білмей де қалыппыз-ау. «Ендеше, не жатыс!» дедік. Әлгі қазақ «Қайтқан малда қайыр бар!» деуші ме еді мұндай да. Барды малданып жүріп, «мал құлағы саңырау» деп меңіреу қала жаздаппыз ғой аз-ақ қалғанда…Бұдан былай қатарларыңа қосылайық, рұқсат болса! Менің блогымның ренессансы осы күні болсыншы!

Қош келдіңіз! )
Жариялаған: Ақзере | Наурыз 28, 2011, 8:10 amҚош алдық, төрге оздық!!!
Жариялаған: Әділбек | Наурыз 28, 2011, 11:33 amсәлем, Әділбек! “Үлкен сахнаға” қайта оралуыңмен! Блогтың исі біздің танауымызға жетпеген кездің өзінде бірталай жазбаны бұрқыратып тастаған екенсің, енді жылдамдықты 180-ге салып, басасың ғой!
Оқырман сабылып іздеп келіп тұрсын деп тілеймін!
Жариялаған: Розатай | Наурыз 29, 2011, 8:07 pm