Біздің журфактың жігіттері мәләдес қой. Менің екі группаласым Мәди мен Дәурен “Бір журналда жұмыс істеп жүрміз. Ой, мықты!” деп жүрген. Жақында соның тұсаукесеріне шақырды. Зыңдай “Астра” атты қонақ үйде өтті. Емен үстел қайысып дастархан жайылды. Белгілі ағалар келді. Ер азаматтарға арналған журналдың аты – “Дарабоз”. Шығарушы “Иман” қорының президенті Өтеген Махмет ағамыз. Журналда “Ошақтың өтін өшірмей”, “Тылсым тіршілік”, “Ұлы дала оғландары” , “Мирас”, ” Шарайна”, “Желіп жүріп, жер таны”, “Біздің көрші” деген тамаша айдарлар бар. Алғашқы нөмірдің кейіпкері генерал Рүстем Қайдаров ағамыз екен. Көірмдікке деп 1000 доллар ұстата салды редакторына Өтеген ағаға. Сол жиында қазақтың Жүрсінімен суретке түстік.
Ақпан 28, 2009
Еркектердің “Дарабозын” таңдайды!
2 Пікір »
Бұл жазбаға жазылған пікірлер үшін RSS-ке тіркелу
Ия, шынында да керек ер азаматтарға арналған тәрбиелік мәні бар басылымдар.
Comment жазған Ansar — Наурыз 1, 2009 @ 3:58 тд |
Кризиске қарамастан, қазақ баспасөзінің айдыны тағы бір басылыммен толығып жатқаны қуантады. Өзіндік құны қанша екен? Тарату мәселесін қалай шешіпті?
Comment жазған urimtal — Наурыз 15, 2009 @ 10:41 тд |