
Сайтани сайт жарнамасы қала ішінде толып тұр. Оны неге өшірмейді,а?
Қажы Амантай да Обамамен одақасқысы келедійтани

Сайтани сайт жарнамасы қала ішінде толып тұр. Оны неге өшірмейді,а?
Қажы Амантай да Обамамен одақасқысы келедійтани
Біздің журфактың жігіттері мәләдес қой. Менің екі группаласым Мәди мен Дәурен “Бір журналда жұмыс істеп жүрміз. Ой, мықты!” деп жүрген. Жақында соның тұсаукесеріне шақырды. Зыңдай “Астра” атты қонақ үйде өтті. Емен үстел қайысып дастархан жайылды. Белгілі ағалар келді. Ер азаматтарға арналған журналдың аты – “Дарабоз”. Шығарушы “Иман” қорының президенті Өтеген Махмет ағамыз. Журналда “Ошақтың өтін өшірмей”, “Тылсым тіршілік”, “Ұлы дала оғландары” , “Мирас”, ” Шарайна”, “Желіп жүріп, жер таны”, “Біздің көрші” деген тамаша айдарлар бар. Алғашқы нөмірдің кейіпкері генерал Рүстем Қайдаров ағамыз екен. Көірмдікке деп 1000 доллар ұстата салды редакторына Өтеген ағаға. Сол жиында қазақтың Жүрсінімен суретке түстік.

Жақында “Ретро” галереясында қарағандылық суретші Мәжит Байтеновтың жеке көрмесі өтті. Мәжит Садықұлы 1976 жылдан бері Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Ол бірқатар халыралық, бүкілодақтық, республикалық көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Ә. Қастеев атындағы, Ж. Шарденов атындағы көркемсурет музейінде, Астанадағы, Қарағандыдағы, Павлодардағы Мәдениет минитрлігінің көрме дирекциясында сақтаулы. Мәжит Байтенов тарихты, түркі халықының салт-дәстүрінен хабардарлығының арқасында өзінің туындыларында ол деректерді кеңінен қолданады. Мысалы, оның көптеген картиналарында Тамғалы тастағы бұқаның суреті салынған. Сондай-ақ Мәжит Байтенов ауыл тақырыбында жиі қозғайды. Алайда Байтеновтың шығармашылығының бір ерекшелігі ол өз кескіндемелерін авангардтық, абстрактілі стильде салады.