«Ана тілі» газетінде тілшіміз Рауан Сәбитұлының редакциямыз орналасқан «Баспалар үйі» ғимаратының Гагарин даңғылы беткейіндегі темір дүңгіршекте шиіттей жеті баласымен сегіз жыл бойы қыстаған жалғыз ана Тұрсынхан Дүйшеналиеваның тауқыметті тағдыры туралы бірнеше мәрте мақаласы жарияланған. («Бәрібір тастамаймын Алматымды» /№7 ақпанның 15-і, 2007, «Алмалының» әкімі сөзінде тұрса екен/ №22 мамырдың 31-і,2007) «Бір мұсылманның баласымыз, қалың елдің арасында отырып, Құдайға ақсарбасын айтатын көңіл жетер ағайын табылмайды дегенген сенгіміз келмейді» деп жұртшылықты жалғызбасты анаға жәрдемдесуге шақырдық. Басылымның қолынан келетіні осы.
Рас, осы мақаладан кейін Тұрсынхан апайға шамасы келгенше көмектесушілер табылып жатты. Халықаралық «Халифа Алтай» қорының директоры Абдырахман Ескендір қақаған қыста аядай дүңгіршекте «шықпа жаным, шықпа» деп отырған Тұрсынхан апайға Қалқаман ауданынан үш айға пәтер жалдап берді. Жас әнші Аша Матай да теледидар сыйға тартып, аз-маз қаржы жиып беріпті. Алайда Тұрсынхан апай көмекті қалалық әкімдіктен күтіп еді.
Әкімдіктің есігін сағалағанда «Саған соншама баланы ту деген кім бар?» деген сөзді де естіртті, «Осыдан Парламент мәжілісіне депутат болсам, міндетті түрде жәрдемдесем» деп құрғақ уәдені үйіп-төккен Алмалы ауданының бұрыңғы әкімі Тұрар Асанов сияқтылар да көп болды. Қайсыбірін айтайық, әйтеуір өкіметтің қолынан келмеген қайырымдылықты Тұрсынхан апайға жақында бір мұсылман іскер жігіт жасапты.
– Әйгерім атты қыз бала келіп: «Менің бастығым сізге пәтер алып бергісі келеді» деп айтқанда өз құлағыма өзім сенбедім. Кейін Гүлмира деген әйел Ақсай ауданынан 80 мың долларға екі бөлмелі пәтер сатып алып беріп, бүкіл құжатын реттеп берді. Ал әлгі қайырымды жігіттің атын ақыры біле алмадым. Бар білетінім, Алматыда фирмасы бар екен, өзі жетім өсіпті,– дейді Тұрсынхан апай қуаныштан кемсеңдеп.
Өткенде осы оқиғаны естіп қуанып едім. МашАллаһ! Аллаһ тағала әлгі кісінің амалын сауаптан жазсын! Тұрсынхан апайға Аллаһ тағала қуат берсін. Осындай қиындықтарға, сынаққа шыдай білген адамның өмірі көпке үлгі. Сүйінші хабармен бөліскеніңе рахмет.
Comment жазған urimtal — Қараша 18, 2008 @ 2:55 тд |
Қазақтың жігіттерінің жігіттігіне осыдан кейін қалай бас имессің? Апайымыздың арманының орындалғанына қуаныштымын.
Comment жазған Aikona — Қараша 18, 2008 @ 5:02 тд |
Жерде жетім қуанса, көкте періште кулімсірейді
Comment жазған Әділбек қой баяғы — Қараша 18, 2008 @ 3:44 тк |
Иа,бул кунде адамзат баласы мейірімге зару. Иманды адам гана, жаксылык жасауга бейім келеді. Алла дуниедегі букіл табигат атаулыны адамга багынышты етіп, байлыкты пенде жесін, ішсін деп буйырган. Бірак та, базбіір агаларымыз оган пыскырып та карамайтын секілді. Мына жалган омірде адамдам бір-біріне жаксылык жасап, бір-біріне демеу болу керек емес пе? Казакстанда осы секілді каншама адамдар жокшылык коріп келеді. Ал, оган дау агаларымыз “еліміз жаксы” деген ой айтады . Олар бір-біріне машина, акша сыйлаганша, осындай жандарга камкорлык корсетсе, озі ушін де, Алла алдында да сауап іс болар еді. Мен сол кісілерді “Казакстан” улттык телеарнасынын “Аялы алакан” багдарламасынан коргенде, козіме катты жас келгені есімде. Аттен, мен де каржы болганда, мына адамдар былай журмес еді гой деген ой келген болатын. Бірак, ол ой алі санамнан кеткен жок. Бірак, мен алі жаспын, окуым керек, содан кейін еліме осындай пайдалы істер жасасам деген ойым бар…
Comment жазған Nurken Tokaev — Ақпан 18, 2009 @ 3:52 тк |