AIDIN TASA BETI

Тамыз 10, 2008

Ауылға, ауылға, ауылга!!!!

төмендегі жазбалар Суреттер — nurbolatuli @ 3:56 тд

Уф, дедім кеше редакциядағы жұмыстардың етек-жеңін жинастырып… “Ана тілінің”  ұжымында жүргеніме бүгін 1 жыл  бес ай 12 күн! Жұмыс күші жетіспей редакторым әуелі жибергісі келмеді. Зорға дегенде сұранып, екі апта туған каламда, әке-шешем мен бауырларымның қасында аунап-қунап қайту бақытына ие болдым.  Оралга  Алматы-Орал пойызы Қазақстанның оңтүстігіндегі төрт қаланы көктей өтіп, 2 тәулікте әрең жетеді. Күн ыстық. Жолдың қиыншылығын көтеруге тура келеді. Бірақ “Ауылға, ауылға,   ауылға, Ауылға-ағайын қауымға” деп кетіп бара жатырмын қуанып. Көріскенше! Достар!

4 Пікір »

  1. Жақсылап демалып келуіңе тілектеспін! Оралдықтарға дұғай сәлем!!! Ол жақта біршама блогшылар бар шығар, ә?

    Comment жазған urimtal — Тамыз 11, 2008 @ 12:45 тд | Жауап

  2. Жақсы демалып қайт!!! :-)

    Comment жазған akzere — Тамыз 12, 2008 @ 1:09 тд | Жауап

  3. Ауыл деген жаксы гой! Шіркін, бір барып аунап-қунап қайтса!

    Comment жазған Ерсайын — Қыркүйек 22, 2008 @ 3:26 тк | Жауап

  4. Ауылдан келгелі кашан, бірақ блогыма бір жазба жазуга мойным жар бермей жүр

    Comment жазған Әділбек — Қазан 19, 2008 @ 12:35 тк | Жауап


Бұл жазбаға жазылған пікірлер үшін RSS-ке тіркелу

Пікір жазыңыз

WordPress.com -дағы блог.