
Ойда жоқта редакцияға Қазақстан жастар альянсынан Украина мен Қазақстанның жас журналистерінің форумына қатысуға шақырту келіп, дүйсенбіде газеттің жұмысынан бір аптаға болса да құтылғаныма қуанып, “Қайдасың, байтағым!” деп тартып отырғам. Астанаға таңда жетіп, асыққанның кесіренен қас қылғанда пойызда шұлғауымды ұмытып кетіппін. Астанадағы досым-Жанар екеуміз ебіл-себіл боп мәгәзіннен шұлғау іздеп, зорға таптық қой. Сөйтіп “Rixos Prezident Hotel Astana” қонақ үйінде өткен (Астанадағы қонақ үйлер де, мейрамханалар да көбіне ағылшынша аталады екен, өкініштісі) салтанатты ашылуға үлгеріп, Украинадан келген әріптестерімізбен суретке түстік. (суретте солдан оңға қарай: 1.Микола Явченко -Украинаның жанұя, жастар және спорт жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы. 2. Олег Ахметов – “Астана” телеарнасының журналисі. 3. Наталья Жуковская - ”УТР” телеарнасының журналисі. 6.Валерий Джигун – Қазақстандағы Украинаның уақытша сенімді өкілі. 7. Мен)
Салтанатты ашылудан кейін дөңгелек үстелдің басына отырып, бәріміз “Украина мен Қазақстан арасында жастар саясатын тізе қосып жүргізу, тәжірибе алмасу, журналистерді байланыстырып, ақпарат алмасуда не істей аламыз?” деген тақырыпта қызу талқылау жасадық. Олег Ахметов екеуміздің “Ортақ ақпараттық интернет портал құрайық” деген ұсынысымыз бірауыздан қабылданды. Ең қызығы, айтылмыш порталда жиі қолданатын ортақ сөздерден тізбеленген украинша-қазақша сөздік болатын болды. Ал жас журналистерді бір-бірімізге жіберіп, оқыту мәселесі техникалық мүмкіндіктердің төммендігінен әзірше екіұштылау болып қалды. Техникалық мүмкіндік демекші, біздің телеарналарымыздың техникалық мүмкіндігі Украинаның орталық телеарналарына қарағанда әлдеқайда жетілген болып шықты. Оны Астанадағы “Хабар” мен “Қазақстан” телеарнларын аралағанда украиндықтар өздері мойындады.
Екінші күні “Жастар телеарнасы: ол қандай форматта және қай бағытта болғанын қалайсыздар?” деген сұрақ ортаға тасталды. Әркім өзінің ұсыныстарын айтты. Журналистер жиналған жер сол ғой! Жамырасып, тұс-тұстан көкейімізге тірелгенді айтып қалып жаттық. Жалпы алғанда мындай ұсыныстардың іске асқанын құп көрдік:


Қатысқаның өте жақсы болыпты. Тым ресми іс деп ойламайсың ба? Бұл іс шараны өткізуге кім бастамашы болды? Қанша ақша бөлінді?
Неге нақты осы кісілер шақырылды?
Украинада болғанымды “Жастардың шығармашылық шеберханасы” деген жобаны көргенмін. Сондай жастар шеберханаларының болғаны жақсы. Оларға мемлекеттен ақша бөлінсе де өздері тәуелсіз өмір сүреді. Ұлттық мәднеитеттерін бүгін күнмен ұштастырып дамытып, телеарналарға арнап арнайы жобалар әзірлейді. Осылайша екі мәселе шешіледі. Бірінші, ұлттық құндылықтар жастардың жаңаша көзқарасымен тың жолмен насихатталады. Екінші, жастар ел ішінде ұлттық идеология қалыптастыруға үлес қосады.
Үшінші, әлдебір саяси күштердің ықпалынан аулақ болады.
Comment жазған urimtal — Тамыз 11, 2008 @ 12:55 тд |