AIDIN TASA BETI

Маусым 26, 2008

“Болашақ” жолын енді тапқандай….

төмендегі жазбалар Суреттер — nurbolatuli @ 11:11 тд

Барлығыңыз құлағдар болып та қойған шығарсыздар, биыл “Болашақ” бағдарламасымен оқуға қабылданатын үміткерлердің категорияларын көбейтіпті ғой. www.edu-cip.kz  Кеше Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев мәлім етті. Бұдан былай ауыл жастарына, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылым жолындағыларға, педагогтарға  шетелдің жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге арнайы квота бөлінетін болыпты. Кретерийлерімен келісемін! “Болашақ” жолын енді тапқан сияқты. Әлгі бұрын білімді жастардан гөрі байшыкештер мен “шекпенділердің”  балалары өтіп кетіп жатқаны баспасөз бетінде біраз жазылды ғой. Енді ауыл жастарына, педагогтарға, ғылыми ізденушілерге деп арнайы атап көрсеткеннен кейін, бай баласы көзді бақырайтып қойып  ауылдық немесе ғылыми ізденуші есебінде шетелге итінбейтін шығар деп үміттенемін! Менің ойымша, жалпы шетелге оқуға 30-ға таяп қалған, ақыл тоқтатқан,  білім-ғылымға қызығушылығы зорларды жіберу керек қой. Атына заты сай болсын! Ал тоғызыншы сынып оқушыларын шетелге, бакалавр деңгейіндегі оқуға жіберуге әлі ертелеу сияқты. Қалай ойлайсыңдар?

WordPress.com -дағы блог.