AIDIN TASA BETI

Маусым 9, 2008

Мамыражай өмір: ағам туралы аз ғана мағлұмат

төмендегі жазбалар Категориясы жоқ — nurbolatuli @ 12:47 тк

Мақтанды, “өзінде бармен көзге ұрды” деп сөкпеңіздер, ағайын! Өзімнің өмірдегі ақылшым, жолнұсқарым-ағам туралы аз-маз мәлімет бергім келіп тұр. Атам – Қайырлы мұғалімнің бесінші баласы Ерсайын  нысаналы болып туған екен, алтыншы саусағы болыпты. Бірақ кішкентай кезінде кестіріп тастапты. Кейін бір үлкен кісі: “Балам, нысаналы екенсін, бекер кестіріпсің” деп айтқан екен. Бірақ ағам  өмірді өкінбестей өткізіп келеді. Ол 1987 жылы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факльтетін бітірді. Атақты Темірбек Қожекеевтің тәртібін көргендердің бірі.  “Өркен-Горизонт”, “Солдат” газеттерінде жұмыс істеді. 1995 жылы оралдық суретші Сәкен Ғұмаровпен танысып, сол кісінің жетегімен бейнелеу өнеріне қызығушылығы туыпты. Содан бері баққаны картина, айтқаны бейнелеу өнерінің аңызға бергісіз тұлғаларының өмірі. Дегенмен, арнайы бес-алты жыл оқымағаннан кейін ағамның академиялық білімі жоқ. Әйткенмен өзіне тән мәнерін іздеп жүр. “Дадаизм ” дейді ол ұстанған бағытын, яки суретті бала сияқты салу. Оның ішінде “Мамыражай” деген тақырыпты тауып алды. Жарқын бояуларға құмар. Бір қызығын айтайын, сөйтіп, “Мамыражай өмір”, “Ой әптісінен Мамыражайға дейін” деген сынды көрмелер өткізіп жүргенде 18 жыл бойы басында қисық шатыры болмаған менің ағам, жемқор да болса, Храпуновтың кезінде Мамырдан (ықшамаудан) жай алды. 

Мын бір картина ағамның қолынан шыққан туындылардың ішіндегі маған ұнайтыны. “Ренкарнация” деп аталады, Платонның есептеуінше адамның жаны 500 рет айналып келеді екен дегенді көп айтады ағам. Мынау сол философияның көрінісі.

No Comments Yet »

Пікір жазылмаған

Бұл жазбаға жазылған пікірлер үшін RSS-ке тіркелу Ізімен аңдуURI

Пікір жазыңыз

WordPress.com -дағы блог.