AIDIN TASA BETI

Маусым 26, 2008

“Болашақ” жолын енді тапқандай….

төмендегі жазбалар Суреттер — nurbolatuli @ 11:11 тд

Барлығыңыз құлағдар болып та қойған шығарсыздар, биыл “Болашақ” бағдарламасымен оқуға қабылданатын үміткерлердің категорияларын көбейтіпті ғой. www.edu-cip.kz  Кеше Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев мәлім етті. Бұдан былай ауыл жастарына, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылым жолындағыларға, педагогтарға  шетелдің жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге арнайы квота бөлінетін болыпты. Кретерийлерімен келісемін! “Болашақ” жолын енді тапқан сияқты. Әлгі бұрын білімді жастардан гөрі байшыкештер мен “шекпенділердің”  балалары өтіп кетіп жатқаны баспасөз бетінде біраз жазылды ғой. Енді ауыл жастарына, педагогтарға, ғылыми ізденушілерге деп арнайы атап көрсеткеннен кейін, бай баласы көзді бақырайтып қойып  ауылдық немесе ғылыми ізденуші есебінде шетелге итінбейтін шығар деп үміттенемін! Менің ойымша, жалпы шетелге оқуға 30-ға таяп қалған, ақыл тоқтатқан,  білім-ғылымға қызығушылығы зорларды жіберу керек қой. Атына заты сай болсын! Ал тоғызыншы сынып оқушыларын шетелге, бакалавр деңгейіндегі оқуға жіберуге әлі ертелеу сияқты. Қалай ойлайсыңдар?

Маусым 9, 2008

Мамыражай өмір: ағам туралы аз ғана мағлұмат

төмендегі жазбалар Категориясы жоқ — nurbolatuli @ 12:47 тк

Мақтанды, “өзінде бармен көзге ұрды” деп сөкпеңіздер, ағайын! Өзімнің өмірдегі ақылшым, жолнұсқарым-ағам туралы аз-маз мәлімет бергім келіп тұр. Атам – Қайырлы мұғалімнің бесінші баласы Ерсайын  нысаналы болып туған екен, алтыншы саусағы болыпты. Бірақ кішкентай кезінде кестіріп тастапты. Кейін бір үлкен кісі: “Балам, нысаналы екенсін, бекер кестіріпсің” деп айтқан екен. Бірақ ағам  өмірді өкінбестей өткізіп келеді. Ол 1987 жылы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факльтетін бітірді. Атақты Темірбек Қожекеевтің тәртібін көргендердің бірі.  “Өркен-Горизонт”, “Солдат” газеттерінде жұмыс істеді. 1995 жылы оралдық суретші Сәкен Ғұмаровпен танысып, сол кісінің жетегімен бейнелеу өнеріне қызығушылығы туыпты. (жалғасын оқу…)

WordPress.com -дағы блог.